Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус туралы: Сақтанғанды құдай сақтайды

360

0

Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус туралы: Сақтанғанды құдай сақтайдыМемлекет басшысы Қасым-Жомарт ТоқаевҮкімет қорынан дәрі-дәрмек, тест жүйелерін және зертханаға арналған жабдықтарды алу үшін қаражат бөлінгенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ойын-сауық орталықтары, кинотеатрлар мен театрлар, көрмелер мен халық көп баратын басқа орындар уақытша жабылады. Оқушылар демалысқа жіберілді. Студенттер қашықтан оқыту жүйесіне көшті. Сондай-ақ азаматтарымыз отбасылық іс-шараларды өткізбегені жөн деп санаймын. Қазақстан аумағына кіруге және шығуға шектеу қойылады. Мемлекеттік шекара бойындағы өткізу бекеттерінде, вокзалдар мен әуежайларда санитарлық режім күшейтілді. Менің тапсырмам бойынша Үкімет қорынан дәрі-дәрмек, тест жүйелерін және зертханаға арналған жабдықтарды алу үшін қаражат бөлінді. Ауруханаларда орын жеткілікті. Осы шаралардың бәрі де азаматтардың денсаулығы үшін жасалып отырған өте маңызды қадамдар», – деді Мемлекет басшысы қазақстандықтарға жолдаған үндеуінде.

Президент сақтанғанды құдай сақтайтынын айтып өтті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<