Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қызылорда облысына жұмыс сапары басталды

367

0

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қызылорда облысына жұмыс сапары басталды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қызылорда облысына жұмыс сапары басталды. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.
«Сапар барысында Қазақстан Президенті өнеркәсіп кәсіпорындарын аралап, өңірдің инфрақұрылымдық даму жоспарымен танысады.Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев облыстың әлеуметтік және мәдени нысандарында болып, жұртшылық өкілдерімен және еңбек ұжымдарымен кездеседі», – делінген хабарламада.