АТ ЖАРЫСЫ БІРЛІК МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛДЫ

830

0

АТ ЖАРЫСЫ БІРЛІК МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛДЫ Арал өңірінде 1 мамыр – Қазахстан халықтар бірлігі күні мерекесін және Астана қаласының 20 жылдығы мен Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойларын аудан көлемінде кеңінен атап өту мақсатында «Арал ауданы әкімдігінің жүлдесі үшін» ат спорты түрлерінен (тай жарысы, құнан, топ және аламан бәйгелері) жарыстар өткізіліп, Арал қаласындағы ипподром алаңы тұлпарлар тұяғының дүбіріне бөленді.
Ұлттық ат спорты додасына облысымыздың 7 ауданы мен Қызылорда қаласының сәйгүліктері қатыстырылды.
24 шақырымдық аламан бәйгеде Шиелі ауданы, Балаби ауылының «Қарашық» есімді қара аты өзгелерді шаң қаптырып, бас бәйгеге тігілген «500 мың» теңгені ұтып алды. Сол сияқты 16 шақырымдық топ бәйгеде 14 тұлпардың ішінен Қызылорда қаласы, Қоғалыкөл ауылының «Интерн» есімді күрең аты топ жарса, Арал ауданы, Аралқұм ауылынан қосылған «Сұлтан» есімді тұлпары құнан бәйгеде 10 шақырымды басқалардан бұрын бағындырды. Ал, тай  жарыстың бас жүлдесі Арал ауданы, Аралқұм ауылының «Астра» есімді жүйрігіне бұйырды. Жалпы бүгінгі бәйгенің жүлде қоры 2 млн 220 мың теңгені құрады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<