Ауыл балалары ағылшын тілін тегін үйренеді

418

0

Ауыл балалары ағылшын тілін тегін үйренеді «Жас Отан» ЖҚ мен «Болашақ» қауымдастығы ауылдық мектеп оқушыларына ағылшын тілін тегін оқытатын «English for Jastar» әлеуметтік жобасын іске қосты. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Жас Отан» ЖҚ ҚОФ төрағасы Талғат Тілес хабарлады. 

Жоба аясында еліміздің 84 ауылдық және аймақтық деңгейде 7000 мектеп оқушыларына ағылшын тілін үйрететін боламыз. Жобаға қатысуға ағылшын тілін жетік меңгерген 141 жас қызығушылық танытты.

Шет елдік еріктілер арасында Гарвард университетінің түлегі Кэмбридж университетінің магистранты Кэннет Палмер де бар.

«Нұр Отан» партиясының  «English for jastar» жобасы аясында Қызылорда облысында еріктілер жасақталып, ауылды елді-мекендердегі оқушыларды және жастарды  ағылшын тіліне оқыту басталды.

Жобаның тікелей үйлестірушісі, жүзеге асырушы «Жас Отан» Жастар қанаты. Ең алдымен 19 ерікті жобаға қатысуға ниет білдірді. Жобаға  қатысушы еріктілер тестілеуден және сұхбаттасудан өтті. Нәтижесінде 11 ерікті іріктеліп таңдалды. Жобаға іріктелген еріктілер арнайы семинар-оқытулардан өткізілді. 

– Қызылорда облысының барлық жеті ауданында (Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған) қызмет ететін болады. Еріктілер қажетті оқыту әдістемелік құралдарымен, кітаптарымен қамтамасыз етілді. Мұнымен қоса балаларды оқытуға толық жағдай жасалды. Еріктінің оқытуға арналған орны, 3 мезгіл тамақтануы, жататын жері толық қарастырылған. Осы жобаның жүзеге асырылуына облыстық білім басқармасы да қолдау көрсетті, – деді Талғат Тілес. 

Жоба аясында ниетті оқушыларды толығымен қамту жоспарлануда. Жоба мақсаты ауыл жастарының ағылшын тілін тегін оқуына жағдай жасау, ағылшын тілін үйренуіне жан-жақты қолдаулар көрсету. Сабақтар  «English club» және т.б. бағыттарда жүргізіледі. 20 қыркүйекте еріктілер ресми түрде өзінің жұмыстарына кірісті.

Қосымша ақпарат қыркүйек айының соңында жоба аясында Қызылорда облысына екі шетелдік азамат келеді. Олар Арал және Қармақшы аудандарындағы ауыл оқушыларына ағылшын тілін тегін үйрететін болады. Олардың қауіпсіздік және денсаулық мәселелері қатаң назарда болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<