Аудан әкімі Қармақшының шалғай ауылдарына барды

764

0

Қармақшы ауданының әкімі Қайрат Нұртай Т. Көмекбаев, Қуаңдария, Алдашбай Ахун, Дауылкөл, Ақжар, Ақтөбе ауылдық округтерін аралап, тұрғындармен кездесті.


Жұмыс сапары барысында «Тұрмағамбет» және «Ақтөбе и К» шаруашылықтарында болып шығарылатын өнім түрлері мен«Ақтөбе Құс» зауытының құрылыс жұмыстарын көрді.


Сонымен бірге әлеуметтік нысандарды аралауда коронавирус инфекциясына қарсы атқарылған шаралармен танысып, алдағы уақытта елді мекендердің дамуы бойынша атқарылатын жұмыстарды жоспарлады.
Кездесу барысында ауылдық округ тұрғындары тарапынан көтерілген мәселелер бойынша аудан басшысы түйінді мәселелердің тізбесі жасалып, кезеңі мен мерзімі нақтыланып, шешілу жолдары бойынша жұмыстар атқарылатынын жеткізді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<