Ауыр атлетикадан ұйымдастырылған республикалық турнир басталды

633

0

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Шиелі ауданында Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері даңғайыр диқан Ы.Жақаевтың 130 жылдық мерейтойына орай жасөспірімдер арасындағы ауыр атлетикадан ұйымдастырылған республикалық турнир басталды.


Турнирге, елімізде ауыр атлетиканың дамуына үлес қосып жүрген бүгінгі біздің турниріміздің құрметті қонағы әлемнің төрт дүркін чемпионы, Қазақстанның еңбегі сіңірген спорт шебері, біздің мақтанышымыз Илья Ильин, Ы.Жақаевтың ұлы С.Жақаев, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Шиелі ауданының құрметті азаматы П.Архабаев, аудан әкімінің орынбасары А.Есмаханов пен зиялы қауым өкілдері мен БАҚ өкілдері қатысты.


Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері даңғайыр диқан Ы.Жақаевтың 130 жылдық мерейтойына орай 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы ауыр атлетикадан ұйымдастырылған республикалық турниргеұлдар және қыздар арасында 10 салмақ дәрежесі бойынша 100-ден астам ауыратлетшілер бақ сынамақ.


Турнирге Қырғыстан мемлекетінен, Алматы қаласы, Батыс Қазақстан облысы, Жамбыл облысы, Шымкент қаласы, Түркістан облысы, Ақтөбе облысы, Қызылорда облысы, Шиелі ауданының спортшылары қатысуда.
Еңбектегі қаһармандығы үшін әйгілі күріш өсірушіге 1949 және 1971 жылдары екі рет Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. Ыбырай атамыз сонымен қатар, 1946 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығымен марапатталса, Қазақ ССР Жоғары Кеңесінің үш мәрте депутаты, Қазақ ССР Жоғарғы Совет Президумының мүшесі болды, 4 рет Ленин және Еңбек Қызыл Ту орденімен, бүкілодақтық халық шаруашылығы жетістіктері көрмелерінің 4 алтын медалімен марапатталды.


Сөз соңында, аудандық мәслихат хатшысы Т.Жағыпбаров жарысқа қатысушы спортшыларға сәттілік тіледі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<