Англия ұлттық денсаулық сақтау қызметінің (NHS) мамандары парацетамолдың дозасын артық қабылдаудың салдарын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Express сайтына сілтеме жасап.
Олардың айтуынша, шамадан тыс қабылданған препараттың аз ғана дозасы жағымсыз реакциялар тудыруы мүмкін.
«Жиі кездесетін симптом – жүрек айнуы. Бұл гепатотоксиндік дозаны қабылдағаннан кейін бірнеше сағат ішінде пайда болады, бұл өз кезегінде бауырдың зақымдалуына әкелуі мүмкін», – делінген хабарламада.
Сондай-ақ, препаратты артық ішкеннен ұйқышылдық, сарғаю болып, іштің оң жақ жоғарғы бөлігі ауырсынуы мүмкін.
«Парацетамолды жапсырмадағы немесе қаптамасындағы нұсқаулыққа сәйкес қабылдаңыз», – деп кеңес береді денсаулық сақтау органы өкілдері.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<