Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу тармағында ғимараттардың сапасына мән беріп, экологиялық тазалығына, салынатын және салынған үйлер мен инфрақұрылымдық нысандарды интеллектуалды басқару жүйелермен жабдықтауға, тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымын жетілдіру мәселесін мемлекет-жекеменшік серіктестігі негізінде белсенді шешуді тапсырды.
Бүгінде Қызылорда қаласында электр және ауыз сумен жабдықтаушы коммуналдық кәсіпорындарында «Смарт сити» үлгісінде жұмыс жасау, энергоүнемдеуіш қондырғылар, қашықтықтан басқарылатын есептеуіш құралдарын орнату, бір орталықтан басқару жүйесін енгізу жұмыстары қолға алынды.
Елбасының халықаралық қаржы ұйымдарының әлеуетін пайдалану тапсырмасына сәйкес, Еуропалық қайта құру және даму банкімен бірлесіп, Қызылорда қаласының сумен қамту және суды бұру жүйесін қайта жаңғырту жобасы іске асырылуда. Жоба барысында облыс орталығының ауыз сумен жабдықтау және суды бұру жүйесін басқару, жерасты ақауларын анықтайтын заманауи техникалар сатып алынып пайдаланылуда.
Тұтынушылар тарапынан коммуналдық төлемдерді оңтайландыру мақсатында өткен жылдан бастап бірыңғай төлем құжаты енгізілді. Бүгінгі күні Қызылорда қаласы тұтынушыларының 80 проценттен астамы осы қызмет түрін пайдалануда.
2017 жылдың 1 шілдесінен бастап пилоттық жоба ретінде «Ақмешіт», «Мерей» шағын аудандарында бірыңғай төлем құжатын енгізу жобасы басталды. Бүгінгі күнге аталған жобаға қатысты барлық коммуналдық қызмет көрсететін мекемелер арасында бірқатар жұмыстар жүргізілді. Қазіргі таңда автоматтық түрде телефон және СМС арқылы ескерту функционалы әзірленуде. Өткен жылдың қыркүйек айында өткізілген мемлекеттік конкурстың нәтижесінде «Қызылорда тазалығы» ЖШС, «Тұрғын үй қызметі» МКК және «Энергосервис» ЕЖШС мен биллинг бағдарламасын әзірлеу, бірыңғай төлем жүйесіне енгізу, төлемдерді қабылдау бойынша келісім шарттар жасалынып, бүгінгі таңда «Қызылорда тазалығы» ЖШС-ның 15 мың, «Тұрғын үй қызметі» МКК – 16 мың тұтынушысы биллинг бағдарламасына енгізілді. Қаңтар айында электр, жылу энергиясы, «Қызылорда тазалығы» ЖШС және «Тұрғын үй қызметі» МКК, ішінара су мен су бұру коммуналдық қызметтері қалыптастырылған 79 мың бірыңғай төлем құжаты таратылды.
Қауіпсіз үй жобасы бойынша, «Қазақтелеком» АҚ филиалымен, көпқабатты үйлері кіреберісіне бейнебақылау жүйесін орнату жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында ағымдағы жылы көпқабатты үйлердің 588 кіреберісіне және бірінші қабаттарына бейнебақылау камералары орнатылды.
Жоба Қызылорда қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Ақылды электр желілері бойынша 2018-2019 жылдары Қызылорда қаласында және қала аумағында орналасқан 300-ден аса көпқабатты үйдің 10/0,4 кВ қосалқы стансаларының шкафтарында орналасқан 600 электр энергиясын есептегіш құралын электрэнергиясын бақылаудың автоматтық жүйесіне енгізу жоспарлануда.
Аталған жұмыстарды жүргізу көпқабатты және жеке тұрғын үй секторларындағы электрэнергиясының ұрлығын төмендетуге, және желі параметрлерін бақылау арқылы, 10/0,4 кВ қосалқы стансаларындағы ақауды жедел анықтауға және қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
Қала инфрақұрылымының дамуы және жаңа су құбырлары желілерінің құрылыстарының жүргізілуіне байланысты, тұрғындардың саны артып, тиісінше су тұтыну көлемінің артуы салдарынан ысырапқа жол берілуде. Осы орайда сумен қамтуды және су бұруды бақылау жүйесі жобасы аясында сумен қамту жүйелерін жаңғырту және жақсарту мақсатында Қызылорда қаласының бюджеттік мекемелерінде модеммен жасақталған су есептегіш құралдарын орнату жоспарлануда.
Жоғарыда аталған жұмыстарды жүргізу нәтижесінде сумен қамту жүйесінің пайдалану сенімділігі артады, сумен қамту үздіксіз болады, есептегіш құралдарды орнату есебінен сумен қамту жүйесінің және технологиялық үрдістерінің маңыздылығы артады. Бұл бағыттағы жұмыстар бұдан әрі жалғасын табатын болады.
М.УСАИН,
облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<