«Ақылды қаланың» алғашқы адымы

550

0

«Ақылды қаланың» алғашқы адымы Елбасының биылғы Жолдауында құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізуде ғимараттардың сапасына мән беріп, экологиялық тазалығын, салынатын және салынған үйлер мен инфрақұрылымдық нысандарды интеллектуалды басқару жүйелерімен жабдықтауды, тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымын жетілдіру мәселесін мемлекет-жекеменшік серіктестігі негізінде белсенді шешуді тапсырды.

Елбасының халықаралық қаржы ұйым­да­ры­ның әлеуетін пайдалану тапсырмасына сәйкес, Еуропалық Қайта Құру және Даму Банкімен бір­лесіп, Қызылорда қаласының сумен қамту және суды бұру жүйесін қайта жаңғырту жобасы іске асырылуда. Жоба барысында облыс орталығының ауызсумен жабдықтау және суды бұру жүйесін басқару, жерасты ақауларын анықтайтын заманауи техникалар сатып алынып, пайдаланылуда.

Тұтынушылар тарапынан коммуналдық тө­­лем­дерді оңтайландыру мақсатында өткен жыл­дан бастап бірыңғай төлем құжаты енгі­зілді. Бүгінгі күні Қызылорда қаласы тұты­нушыларының 80 проценттен астамы осы қызмет түрін пайдалануда.

2017 жылдың 1 шілдесінен бастап пилоттық жоба ретінде «Ақмешіт», «Мерей» шағын аудандарында бірыңғай төлем құжатын  енгізу жобасы басталды. Бүгінгі күнге аталған жобаға қатысты барлық коммуналдық қызмет көрсететін мекемелер арасында бірқатар жұмыстар жүргізілді. Қазіргі таңда автоматтық түрде телефон және СМС арқылы ескерту функционалы әзірленуде. Өткен жылдың қыркүйек айында өткізілген мемлекеттік конкурстың нәтижесінде «Қызылорда тазалығы» ЖШС, «Тұрғын үй қызметі» МКК және «Энергосервис» ЕЖШС мен биллинг бағдарламасын әзірлеу, бірыңғай төлем жүйесіне енгізу, төлемдерді  қабылдау бойынша келісім-шарттар жасалынып,  «Қызылорда тазалығы» ЖШС-ның  15 мың, «Тұрғын үй қызметі» МКК – 16 мың тұтынушысы биллинг бағдарламасына енгізілді. Жыл басында электр, жылу энергиясы, «Қызылорда тазалығы» ЖШС және «Тұрғын үй қызметі» МКК-нің, ішінара су мен су бұру  коммуналдық қызметтері қалыптастырылған 79 мың бірыңғай төлем құ­жаты таратылды.

Қауіпсіз үй жобасы бойынша, «Қазақтелеком» АҚ филиалымен, көпқабатты үйлерінің кіре­берісіне  бейнебақылау жүйесін орнату жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында ағымдағы жылы көпқабатты үйлердің 588 кіреберісіне және бірінші қабаттарына бейнебақылау камералары орнатылды.  

Жоба Қызылорда қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Ақылды» электр желілері бойынша 2018-2019 жылдары Қызылорда қаласында және қала аумағында орналасқан 300-ден аса көпқабатты үйдің 10/0,4 кВ қосалқы стансаларының шкаф­та­рында орналасқан 600 электр энергиясын есептегіш құралын электр энергиясын бақы­лаудың автоматтық жүйесіне енгізу жоспарлануда.

Қала инфрақұрылымының дамуы және жаңа су құбырлары желілері құрылыстарының жүргізілуіне байланысты, тұрғындардың саны артып, тиісінше су тұтыну көлемінің артуы салдарынан ысырапқа жол берілуде. Осы орайда сумен қамтуды және су бұруды бақылау жүйесі жобасы аясында сумен қамту жүйелерін жаңғырту және жақсарту мақсатында Қызылорда қаласының бюджеттік мекемелерінде  модеммен жасақталған  су есептегіш құралдарын орнату жоспарлануда.

Бұл бағыттағы жұмыстар бұдан әрі жалғасын табатын болады.

 

М.УСАИН,

облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық 

басқармасының басшысы.

 

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<