Аймақтағы жағдайға Президент алаңдаулы

369

0

Аймақтағы жағдайға Президент алаңдаулы Қызылордада науқастар санының күн санап өсуіне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алаңдаушылық білдірді.
– Тұтастай алғанда, жағдай бақылауда. Елорда мен Алматыдағы қазіргі жағдай тұрақты. Бірақ, Қарағанды, Ақмола, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында ауруға шалдыққандардың саны күрт өсіп кетті, – деді ол.
Мұның себебін Президент атқарылған жұмыстардың жеткіліксіздігімен байланыстырып,  қосымша шаралар қабылдау қажет екенін жеткізді.
– Оңтүстік – халық тығыз орналасқан өңір. Сондықтан, індеттің таралуын тоқтатпасақ, жағдайды ушықтырып аламыз, – деді Президент. 
Соңғы мәліметке сәйкес Қызылордада науқастар саны 104-ке жетті. Облыс аурудың таралуы жөнінен Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларынан кейін үшінші орында тұр.

Сб-ақпарат.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<