Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен облыстық мәслихаттың кезекті 23-ші сессиясы өтті. Сессияға облыстық мәслихат депутаты Райкүл Байназарова төрағалық етті. Алдымен облыстағы бұқаралық спорттың жайы және оны жетілдіру жолдары туралы облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов хабарлама жасады.
Бүгінгі таңда облыста 211271 адам немесе аймақ халқының 27% денешынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданады. 2013 жылмен салыстырғанда 6%-ке өскен. Енді осы көрсеткішті 2030 жылы 30%-ке жеткізу міндеті тұр, оған толықтай мүмкіндіктер бар.
2013 жылы облыста 2012 спорт нысаны болса, одан бері 173 жаңа нысан, атап айтқанда, 2 стадион, 16 спорт кешені 50 спорт залы мен 75 спорт алаңы пайдалануға берілген. Ғ.Мұратбаев атындағы орталық стадион жанындағы қосалқы алаң қайта жаңғыртылып, қазіргі күні негізгі аренаға жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Биыл жеті елді мекенде спорт кешені пайдалануға берілді. Бұл – республикадағы ең жоғары көрсеткіш. Былтыр мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 4 жоба жүзеге асырылса, биыл 5 жобаны орындау көзделіп отыр.
Сессияда басқа да мәселелер талқыланып, тиісті шешімдер шығарылды. Соңында облыс әкімі алда тұрған бірқатар міндет туралы хабардар етті. Мемлекет басшысы Жолдауының мәні мен маңызы бұрынғыдан ерекше болғанын атап өтіп, ондағы міндеттерді жүзеге асыруға қатысты бюджет жағдайына тоқталып өтті.
Қазіргі таңда келесі үш жылдың бюджеті қалыптастырылуда. Өткен жылдардағыдай, облыстық бюджет әлеуметтік бағытын сақтауда. «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы және облыс бойынша жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын дамытудың 2018-2020 жылдарға арналған Жол картасы аясында облыстық, аудандық маңызы бар жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайын 64 процентке жеткізуде тиісті қаржылар бөлініп, жолдарды жөндеу жұмыстары жалғаса береді.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында әлеуметтік салаларға бірқатар жобалар ұсынылды, сондай-ақ, қосымша жыл ішінде бірнеше инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылатын болады. Оның ішінде Қорқыт ата әуежайы терминалы құрылысын жүргізу, облыста медициналық мекемелерді техникамен жарақтандыру, Қызылорда қаласында 600 орынға арналған колледждің құрылысы, 200 орынға
арналған жатақхананың құрылысы, қоғамдық қауіпсіздік саласындағы жобалар, облыстық маңызы бар жолдарды ағымдағы жөндеу жұмыстары енгізілген. 16 тірек елді мекендердің инфрақұрылым және ауылдың жағдайын жақсартуға бағытталған жобаларына республикалық, жергілікті және басқа қаржы көздерінен қаржы қаралады. Сонымен қатар, «Орда» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында жұмыстар жүргізілетін болады.
Елбасының тапсырмасына сәйкес 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яғни 28 мыңнан 42 мыңға дейін өсіру
мәселесі әлеуметтік салалардың бюджеттік ұйымдарында жұмыс істейтін қызметкерлерді қамтиды. Облыс үшін бірінші басымдық – жаппай кәсіпкерлікті дамыту. Осы бағытта жыл басынан қолға алынған шаралар бірқатар жетістіктерге негіз қалады. Мәселен, жыл басында жұмыссыздар мен өнімсіз өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың саны 97,5 мыңды құраса, оның ішінде бүгінгі күні 64 мың жұмыссыз және
өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар заңдастырылды. Яғни, жыл басынан бері жұмыс орындарымен 33523 адам қамтылған болса, оның ішінде 14103 адам немесе 42 проценті жаппай кәсіпкерлікті қолдау шаралары аясында еңбекке тартылған.
«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша шағын несие беру үшін облысқа жалпы 3,4 млрд теңге қаралған. Бұл ретте облыста 679 кәсіпкердің жобасына 2 млрд 145 млн теңгеден аса шағын несие ұсынылған. Ал, «Қызылорда»
өңірлік инвестициялық орталығына облыстық бюджеттен 1 млрд теңге бөлініп, аймақта микробизнес субъектілерінің 280 жобасы шағын
несиемен қамтамасыз етілген. Нәтижесінде 600-ден аса жаңа жұмыс орны құрылды. Одан бөлек, тұрақты бизнес өкілдерінің 102 жо-
басына «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында екінші деңгейлі банктері арқылы 5 млрд теңгеге жуық несие қаражаттары
ұсынылған.
Аймақ басшысы сөз соңында егін жинау барысына да тоқталды. Биылғы жылы 184,5 мың гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егілсе, оның ішінде күріштің көлемі 87,3 мың гектарды құрады. Ауа райының әдеттегіден салқын болуына және су тапшылығына байланысты күріш жинау науқаны өткен жылдарға қарағанда екі аптаға кеш басталды. Дегенмен, шешуші науқанды барын-
ша тиімді атқаруға мүмкіндіктер бар. Бүгінде күріш толық орылып, оның 92%-і бастырылған. Орта өнім гектарына 52 центнерден айналуда.
Ыдырыс ТӘЖІҰЛЫ.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<