АЙРЫҚША АКЦИЯ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

337

0

АЙРЫҚША АКЦИЯ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ Сенбіде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бұқараны салауатты өмір сүруге шақырған  «Сhallange! Сенің жаңа қырың!»  акциясы өз мәресіне жетті.

Үш аптаға жалғасқан челлендж мақсаты – Елбасының тұрғындарды салауаттылыққа шақырған үндеуіне үн қосу, бұқараны спортпен айналысуға шақыру. Республика көлемінде жүргізілген шараға сырбойылықтар да белсене қатысты.

Орталық алаңда өткен акция барысында «Денсаулық қалашығы» ұйым­дастырылып, емханалар тұрғын­дарды тексеруден өткізді. Жылжымалы кешенді машиналары жұмыс жасады. Сонымен бірге «Балалар қалашығы» жасақталып, балдырғандар үшін түрлі ойындар ойналды, көпшілік назарына спорттық көрсетілімдер ұсынылды. 3000-нан астам жастар бір мезетте таңғы жаттығу жасап, флешмоб биледі.

Салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев және облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейілбек Шаухаманов жастарды зиянды әдеттерден аулақ болып, өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға шақырды, саламатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы жөнінде айтып өтті.

Акцияда челленджге қатысушы белсенді жастар мен Астана қала­сының 20 жылдығы, Қызылорда қала­сының 200 жылдығы, Қызылорда меди­­циналық колледжінің 90 жыл­дығы, медицина саласының ардагері Ақмырза Сыздықовтың 80 жылдық мерей­тойына орай және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында ұйым­­дастырылған ме­дицина қыз­мет­­кер­лерінің 52 – спар­та­­киа­дасы­ның қоры­тындысы жария­ланып, олар арнайы дипломдармен және сый­лықтармен марапатталды.

Шара соңы жергілікті жас өнерпаз­дардың концертіне ұласты.

Айнұр БАТТАЛОВА,

«Сыр бойы».

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<