\»Қайсар\» – \»Атырау\»: Нұр-Сұлтан қаласында финалдық кездесу өтеді

490

0

\"Қайсар\" - \"Атырау\": Нұр-Сұлтан қаласында финалдық кездесу өтеді 6 қазан күні сағат 15.00-де Нұр-Сұлтан қаласының «Астана-Арена» стадионында ел кубогының «Қайсар» – «Атырау» командалары арасындағы финалдық кездесуі өтеді, – деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Лаура Шоңғалова.

Айта кетейік, «Қайсар» футбол командасы биыл 20 жылдан кейін ел кубогының финалына шықты. Жергілікті жанкүйерлер Нұр-Сұлтан қаласындағы барша қызылордалықтарды аламан матчта күтеді.
Ойын Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 15.00-де басталады.