6 шілде күні «Қайсар» футбол клубының ойыншылары мен жаттықтырушылары Татарстан республикасына барып, Әлем чемпионатының Бразилия мен Бельгия құрамалары арасындағы ширек финалын тамашалап қайтты.
Еске салсақ, 5 шілде күні қайсарлықтар Шымкенттің «Ордабасы» командасын 2:1 есебімен жеңген болатын.
6 шілде күні «Казань-Арена» алаңында өткен Бразилия мен Бельгия арасындағы матчта бельгиялықтар 2:1 есебімен жеңіске жетті.
«Қайсардың» ойыншылары қорғаушы Иван Граф пен жартылай қорғаушы Асхат Тағыберген: «Командамыздың көңіл-күйі өте жақсы, себебі кеше ғана «Ордабасымен» өткен матчта жеңіске жетіп, бүгін Әлем чемпионатын көзбен көріп отырмыз. Осыған қолдау көрсеткен аймақ басшысына алғыс білдіреміз! Ойын ерекше әсер қалдырды, біз көп нәрсені назарға алдық. Әрине осындай көрініс бізді жаңа жетістіктерге шабыттандырады», – деді
Айта кетейік, қайсарлықтар 2018 жылы 14 шілдеде қостанайлық «Тобыл» футбол клубымен болатын матчқа дайындық үстінде.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<