ҚАЗАЛЫДА ЕГІНГЕ ОРАҚ ТҮСТІ

395

0

ҚАЗАЛЫДА ЕГІНГЕ ОРАҚ ТҮСТІ Бүгін Қазалы ауданының Қожабақы ауылындағы «Агро-Өркен» ЖШС-інде  аудан әкімі М.Ергешбаевтың қатысуымен күріш орағының басталуына орай дәстүрлі «Дала күні» семинар-кеңесі болып өтті. Семинарға қатысушылар алдымен Жанқожа баба кесенесінде болып, әруақтарға құран бағыштады. Одан кейін егіс алқабына жол тартып, пленарлық мәжіліске қатысты.

Аудан әкімі М.Ергешбаев дихандарды алғашқы егін орағымен құттықтап, егін орағының лентасын қиды. Ендігі міндет – қырмандағы астықты ауа райының қолайлы шағын пайдаланып, ел ырысына айналған күріш дақылын ысырапсыз тез арада жинап алу болмақ. Бұған жергілікті жерде барлық жағдай жасалған, яғни, адам күші мен техника жеткілікті.

Биыл аудан бойынша 17 790 гектар жерге дәнді дақылдар егілсе, оның ішінде негізгі дақыл – күріш 6800 гектаржерге орналастырылды.Бұлкөрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 435 гектарға артық.

Сондай-ақ, 17 790гектарға орналастырылған дақылдардың 7477 гектарыдәнді дақылдар, 7422 гектары-мал азықтық дақылдары, 2250 гектары -картоп, көкөніс, бақша, 641 гектары – майлы дақылдар. Алғашқы егінге орақ салған Қазалы ауданының дихандары бітік өскен күріш алқаптарынан жиналған биылғы дән қамбаны еселеп толтырады деген сенім бар.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<