Қазалылық боксшы – халықаралық жарыстың жеңімпазы

343

0

Қазалылық боксшы – халықаралық жарыстың жеңімпазы Қазалылық былғары қолғап шебері Дәметкен Келімбет Нидерландының Эйндховен қаласында өткен «EINDHOVEN BOX CUP 2019» халықаралық турнирінің чемпионы атанды.

Еуропаның төрінде 16-20 қазан күндері өткен байрақты бәсекеде Дәметкен 57 келі салмақта бақ сынап, финалда Мали елінен келген қарсыласын жер қаратып кетті. Жерлесіміздің бапкері Қазақстан Республикасының еңбегі сіңген жаттықтырушысы Бақытбек Құлбаев.