Қазалылық самбошы Азия чемпионы атанды

447

0

Қазалылық самбошы Азия чемпионы атандыМонғолия Республикасының Ұлан-Батор қаласында 2018 жылдың 11-13 мамыр аралығында Самбодан Азия Чемпионаты және жастар арасында самбодан Азия Біріншілігі өтті. Чемпионатқа қатысқан Қазалы аграрлы-техникалық колледжінің IV курс №14-6 топ студенті Жұбаназар Абылай Азия чемпионы атанды.
Абылайдың спортқа қызығушылығы мектеп табалдырығынан басталса, колледж қабырғасында білім алып жүрген кезінде спортқа ден қойды. Колледж ұжымының жас спортшыға көрсеткен қолдауының нәтижесінде Абылай Азияны бағындырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<