Бозкөл мен Кәукей ауылдары аралығындағы жолға күрделі жөндеу жүргізілуде. Осы жұмыстарды жалғастыру үшін биылға қосымша қаржы қаралып отыр. Толық аяқтау үшін әлі де қаржы қажет. Сонымен қатар, 2018 жылы Қазалы қаласынан «Қарлаңға» және «Қарлаңнан» Қожабақы ауылына дейін, Қожабақы ауылынан Ү.Түктібаев ауылына дейінгі жолдарға орташа жөндеу жұмыстары басталған болатын. Биыл осы жұмыстарды толық аяқтауға облыстық бюджеттен қаржы бөлінді.
– Дәл осындай жұмыстар Басықара ауылынан Абай ауылына дейінгі жолға да жүргізілген еді. Осы жолды аяқтау үшін біршама қаржы қажет. Сондықтан, жыл аяғына дейін «Кәукейдің» және Абай ауылының жолдарын аяқтауға жұмыс жасаймыз, – деді аудан әкімі.
Биыл аудан орталығынан ауысымына 250 адам қабылдайтын аудандық емхана Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласының аралығындағы 4 жолақты жол құрылысы басталады.
Есепті кездесуде облыс әкімінің орынбасары Мұрат Имандосов Қазалы ауданы барлық көрсеткіш бойынша аймақтағы үздіктердің қатарынан көрінгенін, оған барша тұрғындардың қосқан үлесі зор екенін атап өтті. Облыс бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының кафедра меңгерушісі, философия ғылымдарының докторы, облыстық қоғамдық кеңес мүшесі Баймырза Қожамберлиев ауданда атқарылған ауқымды жұмыстарға ризашылық білдірді.
Кездесуге қатысушылар қойған сауалдарға жауап беріліп, аудан тұрғындары әкімнің есебін, өткен жылы атқарылған жұмыстарды оң бағалады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<