Бейрут қаласында (Ливан) дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасында өткен Азия чемпионатында қызылордалық спортшылар сәтті өнер көрсетіп, 3 жүлдемен оралды.
Жасөспірімдер арасында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 1-орынды алса, жастар құрамасы 3-орынды иеленді.
Жекелей сында жасөспірімдер арасында Ж.Баһадүр атындағы облыста спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернат оқушылары 40 келіде Құндыз Жылқыбай мен 50 келіде Нұрдәулет Аманқосов Азия чемпионатының күміс жүлдесіне ие болды.
Жастар арасында №1 облыстық облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің спортшысы 44 келі салмақта сынға түскен Адия Сайын 2-орынды еншіледі.
Алдағы уақытта Қ.Жылқыбай мен Н.Аманқосов халықаралық жарыстарға дайындалса, А.Сайын қазан айында Босния елінде өтетін Әлем чемпионатында бағын сынайды.
Спортшыларды жарысқа Қален Қалиұлы, Жанарбек Сансызбаев, Ришат Бурлов, Рамазан Мұстафаев, Тұрар Баймаханов және Қайрат Баякенов дайындады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<