Азық-түлік бағасы бақылауда ұсталады

546

0

Сенбіде облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртай бірқатар әлеуметтік дүкендер, бөлшек сауда желілері мен базардағы халық тұтынатын негізгі азық-түлік өнімдерінің бағаларын бағамдап көрді.


Азық-түлік қорына жауапты сала басшыларымен бірге дүкен сөрелерінде тұрған қант, ұн, картоп, жуа, сәбіз, қырыққабат сынды өнімдердің бағасын салыстырып, қажетті қор көлемін саралады.


Қайрат Нұртай Тұрақтандыру қорымен реттелетін 19 түрлі азық-түліктің шекті бағадан аспауын қадағалауды күшейтуді тапсырып, тапшылықты туындатпау қажет екенін еске салды. Сондай-ақ, аралау барысында базар мен дүкендер аумағын қоқыстардан тазартып отыруды қатаң ұстау қажет екенін тиісті мамандарға жүктеді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<