БАҚ ҚЫЗМЕТІ ПӘРМЕНДІ

410

0

БАҚ ҚЫЗМЕТІ ПӘРМЕНДІ Астана қаласындағы ұлттық музейде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы жарияланғанына бір жыл толуына арналған көрме таныстырылымы өтті.    
Оған республиканың барлық өңірінен рухани жаңғыру орталықтарының мамандары мен өкілдері қатысты. Шараны ҚР Президенті Әкімшілігі ішкі саясат бөлімі меңгерушісі Аида Балаева жүргізді.
– Елбасының бағдарламалық мақаласының ауқы­мы өте кең. Дегенмен, оның іске асырылуы аясында бірқатар шаралар атқарылды. Бағдарлама бағыттарын жүзеге асыруда оны түсіндіріп, насихаттауда тиісті мамандармен қатар БАҚ өкілдерінің ықпалы зор болды. Сондықтан, БАҚ өкілдеріне алғысымды айтамын. Әр жобаның, әр бағыттың маңызы зор, мазмұны терең. Бүгінгі шарада бір жыл бойы жасалған жұмыстарды саралап, алдағы міндеттерді айқындап, жоспарды нақтылап алу – басты мақсат, – деп атап өтті Аида Балаева.
Жиында «Туған жер» арнайы жобасының өңірлерде іске асырылуы туралы ҚР Президенті Әкімшілігі мемлекеттік бақылау және аймақтық ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі Мақсат Мұқанов, «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақс­тандық мәдениет» жобасының жүзеге асырылуы жөнінде ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова, «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жайында ҚР Ұлттық музей «Қасиетті Қазақстан» орталығының жетек­шісі Берік Әбдіғалиұлы баяндады. Сондай-ақ, «Жаңа гуманитарлық білім: Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Қазақстанның 100 жаңа есімі», «Тәрбие және білім» секілді өзге де арнайы жобалардың орындалу барысы айтылды.
Шараның келесі бөлігінде аталған жобалар туралы арнайы әзірленген стендтер көпшілік назарына ұсынылды.
Шара рухани жаңғырудың облыстардағы орталық мамандарының қатысуымен бағдарламаны әрі қарай жүзеге асыруда атқарылатын жұмыстарды кеңінен саралауға арналған жиынмен жалғасты.
Елордада ұйымдастырылған шара туралы алдағы нөмірде кеңірек таныса аласыздар.
Айнұр БАТТАЛОВА
Астана қаласынан.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<