Байқоңырда көлік ұрлаған адам ұсталды

786

0

Байқоңырда ер адам тұрғынның Daewoo Matiz көлігін ұрлап кетті.


Қызылорда облысында өткізіліп жатқан “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында ҚР ІІМ Байқоңыр қаласындағы Өкілдігінің патрульдіқ полиция тобының қызметкерлерімен бұрылу талабын орындамағаны үшін Daewoo Matiz маркалы автокөлігі тоқтатылған.


Тексеру кезінде көлік жүргізушісі Ақай ауылдық округінің көшелердің бірінде тұрған Daewoo Matiz маркалы көлігін заңсыз айдап әкеткені анықталған. Күдiктi облыс тұрғыны екенi белгілі болды.


Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Daewoo Matiz дәлелдемелік зат ретінде тәркіленді.
Автокөлік иесіне қайтарылып, ол өз кезегінде әлеуметтік желіде полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<