Балаларға мектеп құралдарын табыстады

710

0

Балаларға  мектеп құралдарын табыстады Дәстүрге айналған «Мектепке жол» қайырымдылық шарасы аясында биыл да тұрмыс жағдайы төмен отбасылар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсетілмек. 

Облыстық білім басқармасы мамандарының айтуынша, бү­гін­гі күні аудан және қаланың білім бөлімдері, ҮЕҰ тарапынан жұмысшы топтар құрылып, көмекке мұқтаж отбасылардың тізім­дері жасақталып жатыр. Алғаш­қы онкүндік ақпарат бойынша көмек сұрағандар саны нақ­тыланған.

Дәстүрге айналған акция шең­беріндегі шараға облыс­тық білім беру ұйым­дары қызметкерлерінің ұйымдас­тыруымен 50 балаға мектеп формасы мен құралдар табыс­талды.

Өңіріміздің бас педагогы Майра Мелдебекова республикалық акцияның әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы балаларын қолдаудағы маңызы жайлы айтты.

– Жыл сайын Қазақстанда жаңа оқу жылының қарсаңында «Мек­тепке жол» қайырымдылық республикалық шарасын өткізу дәстүрге айналған. «Мектепке жол» акциясы аз қамтылған жә­не көпбалалы отбасылардың оқу­шыларына көмек көрсетуге бағытталған. Бұл акция 1 тамыз – 30 қыркүйек аралығында осымен он бірінші жыл өткізіліп отыр, – деді.

«Жомарт» қоғамдық қорының директоры Мая Наримова акция аясында қайырымдылық марафоны өтетінін айтты.

– Марафон қоғамдық қоры мен жастар саясаты және білім басқар­масының қолдауымен өтеді. 2000 билетті сату және демеушілер арқылы қорға түскен қаражат есе­бінен қаланың 200 жылдығына орай 1-сыныпқа баратын 200 балаға мектеп формасын орталық алаңда тапсырамыз, – деді М.Наримова.

Жыл сайын өткізіліп жатқан осынау шарада демеушілер мен меценаттар тарапынан көрсетілген көмектер мен қолдаулардың үле­сі зор. Биыл да акцияға барлық деңгейдегі мекеме басшылары, кәсіп­кер азаматтар, мемлекеттік қызметкерлер, үкіметтік емес ұйымдар, аудандық, қалалық білім бөлімдері, сондай-ақ, мектеп басшылары атсалыса алады.

Шынар БЕКБАН,

«Сыр бойы».

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<