Облыстық филармонияда балалар жылы аясында «Әдемі» балалар музыкалық театр-студиясы Н.Бегімбеттің «Киіктің лағы – Таңшолпан» атты қойылымның премьерасы кішкентай көрермендердің назарына ұсынылды.
Басты кейіпкер рөліндегі ағалы-інілі бауырлар, бұзық, айналасына зиянын тигізіп жүретін Бұрқан мен өте мейірімді, қоршаған орта мен айналасындағыларға тек жақсылық жасап жүретін Шоқан қойылымның көркін қыздырды.
Қойылымның негізгі ойы балаларды қоршаған ортаны қорғауға, табиғатты аялауға және жан-жануарларға зиян тигізбеуге баулу болып табылады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<