Балаларға арналған шығармашылық орталығы жұмысын бастады

1391

0

Былтыр «Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығы жанынан «Samuruk Kids» балаларға арналған шығармашылық орталығы өз жұмысын бастады.


Бүгінде орталықта балалар шығармашылығын дамытуда 14 үйірме ашылды. Сондай-ақ, ақпан айының 20-сы күні Шымкент қаласында өткен республикалық өнер фестивалінде қызылордалық өрендер бас жүлдеге ие болды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Самұрық инновациялық идеяларды қолдау орталығының директоры Жандос Тұсмағанбетов хабарлады.

– «Samuruk Kids» орталығында балалар шығармашылығын дамытуға және спорттық бағытта 14 үйірме қамтылған. Онда 2500-ге жуық бала тәлім алуда. Өнерлі балалар республикалық, облыстық, қалалық байқауларда жүлделі орындарға ие болып, марапатталды. Мәселен, «Қызылорда менің көзіммен» атты жас суретшілер байқауына орталықтан 20 оқушы қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Сондай-ақ, біздің орталықта мүгедек балаларға арналған үйірмелер де өз жұмысын бастады. Егер орталыққа келуге мүмкіндік болмаса өз үйлеріне барып шығармашылықпен айналысуға мүмкіндік жасаймыз,- деді Жандос Тұсмағанбетов.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<