Баламның вакцина салдыруына қолдау білдірдім

691

0

Өзім медицина қызметкерімін. Мекемеде алғашқы вакцина алушылардың бірімін. Басқа да әріптестерімді үгіттедім. Өйткені бұл дерттің дауасы – тек жаппай вакцинациялау.


Жолдасым да вакцина алды, ұлымызға да пандемия кезіндегі алдын алу шараларын айтып отырдық. Ұлым Мәди вакцина алуға дайын болды. №6 емханаға қараймыз. Ол әкесінен емханаға барғанда вакцина алу ретін сұрапты. Сол кезде медицина колледжіне балаларға вакцина салынатынын білдік.


Баламның қазіргі жағдайы жақсы. Ешқандай ауырсынулар болған жоқ. Күнделікті сабаққа барып достарымен араласатындықтан, сақтық жасағаны игі.

Құралай БЕГІМОВА, қала тұрғыны

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<