Мамыр айының 28 мен 31 күндері Алматы қаласында өткен ХХ «Бозторғай» балалар шығармашылығы халықаралық конкурсында Қызылорда қаласының «Балбұлақ» халықтық (үлгілі) би ансамблі 1-орынды жеңіп алды. Сондай-ақ, тамыз айында Болгарияда өтетін өнер фестиваліне жолдамаға ие болды.
Конкурсқа әртүрлі жанр бойынша Қазақстанның барлық аймақтарынан және Қырғызстаннан, Өзбекстаннан, Ресейден, Белорусиядан, Украинадан, Армениядан, Грузиядан, Азербайжаннан, Литвадан, Латвиядан, Болгариядан, Италиядан, Чехиядан 800-ге жуық өнерпаздар бақ сынады.
Конкурс Алматы қаласының орталық демалыс саябағының ашық алаңында өткізілді.
Өнерпаздарды Роза Рымбаева, Кеңес Дүйсекеев, Лаки Кесоглу, Рамазан Стамғазиев, Зарема Кастеева, Гүлнара Саитова, Алтынбүбі Омарбекова, Валерий Григорьев . Болат Аюханов сияқты үлке тұлғалардан құралған әділ қазылар алқасы бағалады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<