Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім департаментінің бастамасымен, жергілікті атқарушы органдар, қоғамдастықтар және БАҚ өкілдерінің қатысуымен барлық орта білім беру ұйымдарында бірдей уақытта 2018 жылы 15 мамырда сағат 18.30-да сағатта «Рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру шеңберінде және Халықаралық отбасы күніне арналған «Білімді ұлт – сапалы оқыту мен отбасы құндылығы» жалпыұлттық ата-аналар жиналысы өтеді.
Ата-аналар жиналысының мақсаты – жаңартылған білім беру мазмұнын енгізу жөніндегі мемлекеттік білім саясатын талқылауға ата-аналарды тарту.
Жалпыұлттық ата-аналар жиналысының күн тәртібіне:
- «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру- тәрбие негізі;
- 11-сынып оқушыларын қорытынды аттестаттау;
- оқу жылының қорытындылары, оқушылардың білім сапасы;
- мектептердегі қорғаншылық кеңестердің қызметі,
- отбасы құндылықтарын насихаттау және отбасы мен мектептің өзара байланысын нығайту;
- оқу процесін цифрландыру;
- оқулықтарды әзірлеу және 100 үздік оқулықты аудару мәселелері егізілген.
Аталған іс-шараларды өткізу нысандары ретінде жалпы мектептік ата-аналарының жиналыстары немесе білім деңгейі бойынша ата-аналар жиналысы белгіленген.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<