Байқоңырда ғарышкер әйел туралы фильм түсіріліп жатыр

527

0

Байқоңырда ғарышкер әйел туралы фильм түсіріліп жатыр Байқоңырда «Тандем продакшн» ресейлік кинокомпаниясы мен «Дхарамсала» француз кинокомпаниясы бірігіп фильм түсіріп жатыр.
Олар бір апта бойы «Байқоңыр» ғарыш кешенінде жұмыс істеген. «Proxima» жұмыс атауы берілген фильмге «Casino Royale» киносындағы рөлдері арқылы танымал болған француз актрисасы Ева Грин, сондай-ақ оның америкалық әріптесі Мэтт Диллон түсіп жатыр. Режиссер Элис Винокурдің жаңа картинасы ғарышкерлерге арналады. Ева Грин ғарышкер әйелдің рөлін ойнайды. Негізінен, фильмнің түсірілімі Мәскеу маңындағы Звездный қалашығында өткен. Оқиға желісі бойынша фильм кейіпкері ол жерде ұшуға дайындық жұмыстарын жүргізіп, кішкентай қызымен ұзақ уақытқа айырылысуға өзін-өзі іштей дайындайды. Сценарий авторлары фильмде өз өмірінен де маңызды мақсат үшін қорқыныш пен ауруды жеңу туралы оқиға болатынын айтады. 
Бақтияр ТАЙЖАН, «Егемен Қазақстан»

egemen.kz

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<