Бақытжан Намаев – ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі

303

0

ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі тағайындалды, деп хабарлайды syrboyi.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап.  
«Мемлекет басшысының Өкімімен Бақытжан Біләлұлы Намаев Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі қызметіне тағайындалды», делінген хабарламада.

Б.Намаев 1964 жылы туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемле­кеттік университетін “Сая­сиэкономика” мамандығы бой­ынша, Қ.Сәт­баев атындағы Қазақ ұлттық тех­ни­калықуни­верситетін “Мұнай-газ құ­бырлары мен қоймаларды жобалау, салу жәнепайдалану” мамандығы бойынша бітірген. Сондай-ақ, М.В.Ло­моносов атын­дағыМәскеу мемле­кеттік университетінің аспирантурасын тәмамдаған. Экономикағы­лымдарының кандидаты.

Еңбекжолын 1985 жылы Өскемен құрылыс-жол инсти­тутының Алматы филиалыжал­пытехникалық фа­куль­тетінің ас­систенті болып бастаған. Әр жылдары жекесектор мен «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының жүйесіндежауапты басшылық лауазымдарда болған және “Ба­тум мұнай терминалы”компа­ниясының бас директоры қызметін атқарған.

2018-2019 жылдары Қызылорда облысының кәсіп­керлік және туризм басқарма­сын басқарды. 2019 жылдың сәуірінен бастап облыс әкімінің агроөнеркәсіптік ке­шенді дамыту мәселелері жө­нін­­дегі орынбасары қызметін атқарды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<