ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі тағайындалды, деп хабарлайды syrboyi.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап. Б.Намаев 1964 жылы туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін “Саясиэкономика” мамандығы бойынша, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалықуниверситетін “Мұнай-газ құбырлары мен қоймаларды жобалау, салу жәнепайдалану” мамандығы бойынша бітірген. Сондай-ақ, М.В.Ломоносов атындағыМәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасын тәмамдаған. Экономикағылымдарының кандидаты.
Еңбекжолын 1985 жылы Өскемен құрылыс-жол институтының Алматы филиалыжалпытехникалық факультетінің ассистенті болып бастаған. Әр жылдары жекесектор мен «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының жүйесіндежауапты басшылық лауазымдарда болған және “Батум мұнай терминалы”компаниясының бас директоры қызметін атқарған.
2018-2019 жылдары Қызылорда облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасын басқарды. 2019 жылдың сәуірінен бастап облыс әкімінің агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мәселелері жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.





