Бір жасар бала су құйылған ыдысқа батып кетті

801

0

Павлодар облысында бір жасар бала су құйылған ыдысқа құлап, батып кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Павлодар облысында демалыс күндері екі қайғылы оқиға тіркелді. 1 тамыз күні сағат 18:00-де Ақсу ауылдық округіндегі Пограничник ауылында ата-анасының қарауынсыз қалған бір жасар бала су құйылған он литрлік ыдысқа құлап, батып кеткен. Қайғылы оқиғаға қатысты сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Сонымен қатар полиция 1 тамыз күні сағат 01:40-та Усолка өзенінде суға шомылу кезінде батып кеткен 22 жастағы жігіттің денесі табылғанын хабарлады. Қайғылы оқиғаның куәгерлері бар.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<