Биылғы жылы өңірдің агроөнеркәсіптік кешен саласындағы 2021-2025 жылдары іске асырылатын инвестициялық жобалардың жол картасы бекітілді.
Жол картасы аясында инвестициялық құны 56,1 млрд. теңгенің 42 жобасын іске асыру көзделген. Нәтижесінде 1087 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған.
Ағымдағы жылы 8,7 млрд. теңгені құрайтын 21 жобаны жүзеге асыру арқылы 413 жұмыс орны ашылады деп жоспарланған.
Жыл басынан бері 2,7 млрд. теңгені құрайтын 9 жоба іске асырылып, 100 жаңа жұмыс орын құрылды. Атап айтқанда, өңірімізде «Golden Bridge Turan» ЖШС-нің жапондық технологиямен күрішті көшетпен егу, «Жан-Арай» ЖШС-гі 60 гектарға қарқынды алма бағын отырғызу және 100 гектар жерге қызанақ дақылын егу жобалары, «РЗА» АҚ-ның 87 га жерге жаңбырлатып суару әдісімен жүгері егу, «Мырзабай» ШҚ бал өндірісі, «Құдірет» ШҚ бал өндірісі, «Заман ата» ШҚ асыл тұқымды мал басын көбейту, 100 бастық репродуктор құру, «Қызылорда Сельхозпродукт» ЖШС-нің ет және қымыз өңдеу цехы, «Казахстан Аквакультура» ЖШС балық өңдеу зауыты жобалары іске қосылды.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың қаңтар-шілде айларында статистикалық алдын-ала мәлімет бойынша 38,6 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 2020 жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда өсім 2,1%-ға артса, ауыл шаруашылығының негізгі қорына қаңтар-маусым айларында 3 345,6 млн. теңге инвестиция салынып, 2020 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,2 есеге артты.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<