Бокстан әлем чемпионы Сәкен Бибосынов отау құрды

1325

0

Сербияның Белград қаласында бокстан әлем чемпионатының жеңімпазы, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов үйленді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сәкен Бибосыновтың жарының есімі – Назира. Ол Ордабасы ауданы Аманкелді ауылының тумасы.

«Қалыңдығымды кеше ұзатып алып келдім. Алда той болады, соған дайындалып жатырмыз. Жұбайым спортшының жағдайын түсінетін жар болатындығына сенімдімін. Тілеулес ағаларымызға, ағайындарға рахмет айтамын», – деді Сәкен Бибосынов.