Бокстан Азия чемпионатында финалдық бәсекелер өтеді

1030

0

Иордания астанасы Амман қаласында өтіп жатқан бокстан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты қай уақытта басталатыны белгілі болды.


Еске салсақ, құрлықтық доданың финалдық жекпе-жектері 13 және 14 наурыз күндеріне белгіленген. Онда еліміздің атынан барлығы 27 спортшы бақ сынайды.


Жасөспірім ұлдар мен қыздар 13 наурыз күні шаршы алаңға шығады. Жекпе-жектер елорда уақытымен 17:00-де басталады.


Ал 14 наурызда жастар елорда уақытымен 17:00-де бәсекені бастайды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<