Бір күн ішінде көші-қон заңнамасын бұзған 328 шетелдік анықталды

357

0

Бір күн ішінде көші-қон заңнамасын бұзған 328 шетелдік анықталды 21-24 мамыр аралығында облыс аумағында «Заңсыз келуші-2018» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Аталмыш  іс-шараны орындау мақсатында мобильді топтар құрылып, облыс аумағына келген шетелдіктердің көші-қон заңнамаларын бұзу деректерін анықтау, оларды әкімшілік жауапкершіліктерге тарту, іздеуде жүрген қылмыскерлерді анықтау мақсатында шетелдіктердің уақытша тіркелген мекен-жайларын, салынып жатқан құрылыс нысандары, базарлар мен дәмханалар тексеріліп, рейдтік іс-шаралар жүргізілуде.
Нәтижесінде көші-қон заңнамаларын бұзған Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабымен (Шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы) 328 шетелдік анықталды.
Сонымен бірге, ҚР ӘҚБтК-нің 518-бабымен (Шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың ҚР-ның халықтың көші-қон саласындағы заңнамасын бұзуы) 11 ҚР азаматтары және ӘҚБтК-нің 519-бабы (Шетелдік жұмыс күшін және еңбекші көшіп-келушілерді ҚР заңнамасын бұза отырып тарту, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР еңбек қызметін заңсыз жүзеге асыруы) бойынша 11 ҚР азаматына әкімшілік шаралар көрілді.
Өзбекстан Республикасының 7 азаматы республика аумағынан аластатылды. Жеке басын анықтайтын құжаттары жоқ 8 азамат ҚІІБ-ның қабылдау-тарату орнына жеткізілді.

 Бұл жұмыстар күнделікті өз жалғасын табуда.

                           Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<