Түрлі ұлттардың мәдениеті мен салт-дәстүрлерін насихаттау, ұлттық мәдениеттерінің өзіндік ерекшеліктерін ашу, түрлі ұлттардың көзқарастарына, рухани және эстетикалық құндылықтарына деген толерантты қатынас қалыптастыру және ұлтаралық қатынастарды нығайту мақсатында «Золотая осень Байконура» мерекесінің аясында «Дружба народов» Ұлттық мәдениеттерінің ашық қалалық фестивалі өткізілді.
Фестивальге қатысуға Байқоңыр мен Қызылорда қалаларының мекемелері, кәсіпорындары, білім беру және қоғамдық ұйымдары шақырылды.
Қызылорда облысынан фестивальге 6 этномәдени бірлестігі қатысты: облыстық өзбек этномәдени бірлестігі, облыстық татар этномәдени бірлестігі, «Қазақстан кәрістер Ассоциациясы» облыстық қоғамдық бірлестігі, облыстық түрік этномәдени бірлестігі, «Славяне» қоғамдық мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі және қазақ ұлтының белсенділері. Фестиваль барысында этномәдени бірлестіктерінің өкілдері түрлі этностардың салт-дәстүрлері бойынша презентация дайындады, ұлттық тағамдар сайысына қатысты.
Қызылорда облысынан фестивальге 200-ден астам адам қатысты. Барлық сайыстардың жеңімпаздары арнайы грамоталармен және медальдармен марапатталды.
Облыстық Қазақстан халқы
ассамблеясы баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<