«Бірыңғай қабылдау күні»

364

0

«Бірыңғай қабылдау күні» «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалында 1 мамыр – Халықтар бірлігі мерекесіне орай «Бірыңғай қабылдау күні» республикалық акциясы өтті.

Акцияға облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бөлім меңгерушісі, саяси ғылымдарының кандидаты Сәулет Сахиев, көп ұлтты отбасының мүшесі, «Дарын» бастауыш партия ұйымының төрағасы  Абунасыр Алдабергенов сонымен бірге  кәріс, орыс, түрік, татар, өзбек, қырғыз ұлттарының белсенді жастары қатысты.

 Шараның негізгі мақсаты тұрғындарға Елбасының әлеуметтік 5 бастамасын, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы дүние жүзіне белгілі 100 кітапты қазақ тіліне аудару бағытындағы жұмыстармен таныстыру, халықтар арасындағы достықты, ықтымақтастықты және тұрақтылықты күшейту сондай-ақ, азаматтардыңпроблемалық мәселелеріне назар аударып шешімін табуға ықпал жасау.

Жастармен тілдесу барсында «Қоғамдық келісім орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бөлім меңгерушісі Сәулет Сахиев Отанымыздың экономикалық дамуы мен саяси тұрақтылығының тірегі болған Қазақстан халқы Ассамблеясының осы жылдар ішіндегі жетістіктерін Ассамблея Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тынымсыз еңбегімен ұштастырып, мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін негізгі тірек ретінде «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының маңыздылыған тоқталды.

– Бұл жоба гуманитарлық білімнің барлық бағыты бойынша дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы оқу орындарында қолданылатын әлемдегі ең таңдаулы 100 оқулықтың қазақ тіліне аударуға арналғаны бізді қатты қуантты. Бұл -ұлттық болмысымызды сақтап қана қоймай, одан әрі дамытып, әлемдік өркениет көшіне ілесудің алғы шарттары.  Сондықтан оқулықтар студенттер үшін де, оқытушы мамандар үшін де таптырмас көмекші құрал болатыны сөзсіз»,- деді  Сәулет Сахиев.

«Нұр Отан»партиясы қалалық филиалына қарасты «Дарын» бастауыш партия ұйымының төрағасы Абунасыр Алдабергенов достық пен ынтымақ бар жерде ғана береке мен ырыс боларын айтып, көп ұлтты жанұясындағы отбасылық негізгі қағида татулық екенін жеткізді. 

Кездесуге келген жастар ел игілігі жолына бағытталған Елбасы бастамаларын жан-жақты талқылап,  өздерінің ой -пікірлерін ортаға салды. Мәселен, қаладағы №233 орта мектептің 11 сынып оқушысы Валерия Фролова  елімізде мемлекет тарапынан әрбір ұлтқа салт-дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық жасалып отырғандығын баса айттып, Елбасының қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру бастамасын қолдайтынын жеткізді.

Бір сөзбен айтқанда нұротандықтар акция аясында әрбір жеткіншектің бойына ынтымақ пен бірлікті, достық пен татулықтыұялата білді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<