Бүгін – халықаралық адам құқықтары күні

1308

0

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1948 жылы 10 желтоқсан күні «Жалпыға бірдей адам құқықтары» декларациясын қабылдады.

Атаулы датаға орай бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің құқықтану кафедрасының аға оқытушысы Айнұр Исаева мен «Болашақ» университетінің оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты Ықылас Дулатов адам құқықтары мен бостандықтары туралы кеңінен түсіндіріп өтті.

Бұл декларация 30 баптан тұрады. ҚР Конститутциясында адам құқықтары мен бостандықтары, заңды мүдделерін қорғау туралы оныншы баптан 39 бапқа дейін баяндалған. Әрбір мемлекеттің заңында заң үстемдігіне қарағанда құқықтық үстемдікті басым қойған. Біз демократиялық құқықтық мемлекет болғандықтан еліміздің әрбір азаматы өзінің құқықтарының қорғалуын қамтамасыз ету керек, – деді Айнұр Жеңісқызы.

– Адамдардың құқықтары туралы декларация тек құқықтарды ғана емес міндеттерді де жүктейді. Демек, тиісті құқықтарды орындауға міндеттіміз. Қазіргі таңда азаматтардың арасында толирантты барынша күшейтуіміз керек деп санаймын. Өйткені өзара қарым-қатынаста әдеп пен белгілі бір мәдениет қалыптасуы керек. Осындай дүниелерде адамдардың құқықтары тең түрде қорғалуы маңызды. Еліміздің болашағы жастардың қолында деп айтамыз. Сондықтан, жастар арасында азаматтардың құқықтарын қорғау идеологиясын сіңіруіміз керек, – деді Ықылас Дулатұлы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<