ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгін жарияланатын Жолдауынан хабар тарату үшін 48 БАҚ-тың 150-ден астам өкілі аккредитациядан өткен.
Бұл туралы БОРТ №1 Telegram каналынан мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Бүгін Президент пен барша қазақстандық үшін маңызды күн. Санаулы минуттардан кейін Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталады. Жиында Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды. Басталуы сағат 11:00-де»,-делінген хабарламада.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауын жариялайтыны бұдан бұрын да хабарланған болатын.
Жиынға қатысушылар Парламент ғимаратына келіп жатыр.
Жолдауға ресми тұлғалармен қатар Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері де қатысады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<