«Қазгидромет» РМК-сы тамыздың 27-сі күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қазақстан аумағының басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз болады. Тек атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты солтүстікте, солтүстік-батыста, таулы аудандардың оңтүстік-шығысында және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Республика бойынша жел күшейіп, солтүстікте, таулы аудандардың оңтүстік-шығысында бұршақ жауады.
Түркістан, күндіз Жамбыл, Алматы облыстарының таулы аудандарында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, Қостанай облысының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында найзағай ойнап, найзағай кезінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында бұршақ жауады.
Күндіз Алматы, Атырау, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қостанай, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде аптап ыстық болады.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<