БІЗ БОЛАШАҚҚА СЕНЕМІЗ

474

0

БІЗ  БОЛАШАҚҚА  СЕНЕМІЗ «Цифрлық технология» ХХІ ғасырда адам өміріндегі орасан өзгерістерге жол ашты. Қазіргі таңда газет бетін ашсаңыз да, теледидарды қоссаңыз да осы тақырып аясында әңгіме өрбіп жатқанын байқайсыз. Ақпарат құралдары жарғақ құлағы жастыққа тимей бекерден-бекер жар салып жатқан жоқ. Тұғыры биік тәуелсіз Қазақстанның алдында үлкен міндет тұр.  

«Цифрлық Қазақстан» бағдар­ла­масы негізгі 4 бағыт бойынша жұ­мыстар жүргізеді. Бағдарламаның басты мақсаты – Қазақстандағы өмір сапасын арттыру, халықтың әл-ауқатын жақсарту, ұлттық эко­номиканы цифрландыру.   Аталған төрт басым бағыттың алғашқысы экономика салаларын цифрландыру, цифрлық мемлекетке өту және «Цифрлық Жібек жолын» дамыту арқылы экономика мен халықтың тұрмыс сапасын жақсарту қар­қынын айтарлықтай үдету, ауыл аймақтарды  интернет желісімен то­лықтай қамтамасыз ету болмақ.

«Айшылық алыс жерлерден жыл­­дам хабар алғызған» интер­нет­тің дәурені жүріп тұр. Ақпарат­тық-коммуникативті дамы­ту­­­­дың ғаламдық индексінің мә­­лі­­­­мет­­­теріне қарасақ, Қазақстан Орта­­­­лық Азия елдерінің ішінде ком­­пью­­тер мен ғаламторға қол­жетім­діліктен көш бастап келеді. Оның дәлелі ел тұрғындарының 75 проценті ғаламтордың бел­сен­ді қолданушылары болып сана­лады. Компьютерді сауатты меңгерген тұрғындар жылдан-жылға көбейіп келеді. Егер 2010 жылы ел тұрғындарының 43,7 проценті компьютер пайдалануға қабілеті жеткен болса, қазіргі таңда бұл көрсеткіш 76,2 процентті құрайды. Жанқалтаңдағы жан сері­гіңе айналған телефонның іші­нен өзіңе қажеттінің бәрін де табасың. Мобильді қосымшаларды жүк­теу арқылы жұмысыңызды жеңілдетесіз. Үйде отырып қажет­ті құжаттарыңызды аласыз, бұ­рын­ғыдай терезе жағалаудың машақаты тез арада жойылды. Тіпті, үйде отырып жұмыс істеп, айлық табатындар да төбе көрсете бастады.

Сонымен қатар ұялы телефон платформасы үшін интернет жоба­­лар әзірлейтін «KAZNET Media» қосымшасы, бағдарламалық қамсыздандырудың «Columbus» жет­­кізушісі, «ARTA» корпоративті плат­форма өндірушісі, «OTTO Kazakhstan», «Арена S», «Белый ветер KZ»,  «Технодом оператор» аталатын интернет дүкендері де  жоғары таны­малдылыққа ие болып келеді.

Сондай-ақ, қазір  көлігіңіз бол­маса, діттеген жеріңізге жету қиындық тудырмайды. Мобильді қосымшада «Яндекс такси» деп ата­латын қосымшаны жүктеп алсаңыз болғаны.

Әрине, мұның барлығы күнде­лікті тұрмыс түйткілі. Жоғарыда айт­қа­нымыздай, бұл бағдарлама экономиканы ілгерілетуге қалай қызмет етіп келеді, мәселе осын­да. Өткен жылы Елбасымыз цифр­ландыру бойынша өткен респу­ликалық кеңесте «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының эконо­микалық әсері байқалмай отыр­ғаны жөнінде айтты.  Президент сол кеңесте цифрландыруды эконо­микалық өсімге қол жеткізудің құралы екенін атап өтті.

Яғни, цифрландыру жалпы ішкі өнімнің өсімін көтеруге қол жеткізуі тиіс. Бұл үшін біздің елімізде әлі алға қойған міндеттер баршылық.

Біз, жастар, болашағымыздың жарқын екеніне сенеміз. Осы жарқын болашақ жолына қандай үлес қоса аламыз, біздің ойымыздағы өзек осы.

 

 Маржан ӘШІРАПБАЕВА,

Қорқыт ата атындағы 

ҚМУ студенті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<