Cырдарияда 80 кәсіпкерлік субъектісі 506 млн.теңге несие алды

539

0

Мемлекеттік және өңірлік бағдарламалар аясында құны 2,4 млрд. теңгені құрайтын 500-ге жуық жобаға қаржылай қолдау көрсетілді. 450 жуық жаңа жұмыс орындары ашылды.


Атап айтқанда, «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы арқылы екінші деңгейлі банктерден 80 кәсіпкерлік субъектісі 506 млн.теңге несие алып, жұмыстарын жасауда.


Осы бағдарламаның қайтарымсыз грант беру тетігі бойынша 8 жоба 23,0 млн. теңгеге қаржыландырылды. 8 гранттыда жас кәсіпкерлер ұтып алып, қазіргі таңда өздерінің ашқан кәсіптерін жандандыруда.


«Микробизнес-Қызылорда» бағдарламасы арқылы «Өңірлік инвестициялық орталығы» микро қаржы ұйымы арқылы 21 кәсіпкерлік субъектісі 90 млн.теңге несие алды.

Аудан бойынша ауыл шаруашылығы құрылымдары «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғам және жеке қаражаттары есебінен барлығы 1 млрд. теңгеден аса қаржыға 53 техника алды.


«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының екінші бағыты бойынша құны 276 млн.теңгенің 67 жобасы несиелендірілді. Олардың басым бөлігі мал басын көбейту, бордақылау, монша ашу, қажетті техникаларды алу секілді жобаларды қамтиды.


Осы бағдарламаның екінші бағыты аясында «Стартап» жаңа бизнес идеяларды іске асыру мақсатында 235 адамға 137 млн.теңге көлемінде мемлекеттік қайтарымсыз грант берілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<