Ресейлік эндокринолог Виктор Жиляев депрессияның даму қаупін батыстық тамақтану стилі едәуір арттыратынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Дәрігер майлы өнімдер: шошқа еті, қой еті, ашытылған сүт өнімдерінің кейбір түрлері меңзеп отыр. Сондай-ақ, батыстық тамақтану стиліне шұжықтар, жартылай фабрикаттар және басқа да ұқсас тағамдар да бұған кіреді.
Депрессияның негізгі себепшілері – холестерин мен глюкоза. Атап айтқанда, жедел көмірсуларды тұтынғанда көңіл-күй өзгеріп, содан кейін апатия пайда болады.
Сонымен қатар, эндокринолог кофе ішуді, әсіресе созылмалы шаршау мен ұйқының жетіспеушілігі бар адамдарға шектеуге кеңес берді. Осы ретте Жерорта теңізінің тамақтану стиліне көшуді ұсынды. Оған балық, теңіз өнімдері, көкөністер, жемістер мен өсімдік майлары кіреді.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<