Дәрігер еңбегі еш кетпесін десек…

1383

0

Еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты карантин режимі шілденің соңына дейін жалғасып,  шектеу шаралары қатаңдатылды.

Індеттің таралуы бәсеңдегенмен, әлі тоқтар емес. Дерттен жазылғандардың да, вирус жұқтырғандардың да жағдайына алаңдаулымыз.

Медицина мамандарының сөзіне мән берсек, вирус денсаулығына мән бермегеннен, сақтанбағаннан жұғады. Карантиндік тәртіпті сақтамай, қауіпсіздік шараларын қабылдамағаннан қиын жағдайға душар болады. Бұл дерттен аман болудың ең басты жолы – медициналық бетперде кию мен қолдың тазалығы және көпшіліктен оқшаулану. Сайып келгенде ортақ тәртіпке бағыну, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау. Босаңсуға, еркінсуге әлі ерте.

Қиын-қыстау кезеңде бірліктің үлгісін көрсетіп, тәртіпке бағынып, індетке жұмыла қарсы тұру біздің бірлігімізді көрсетеді. Қанша жанның өмірін қиған індетпен күрес шаралары күшеймесе, босаңсыған емес. Ендеше жерлестерім медицина қызметкерлерінің еңбегін жоққа шығармай, карантиндік ережелерде көрсетілген талаптарды қатаң сақтап, демеу білдіріп, қолдау көрсетуге тиіс. Сын сағатта тастүйін, біртұтас елдің үлгісін көрсету керек. Өйткені бірге көтерген жүк жеңіл болады. Ал ауызбіршілікпен жасалған кез келген істің нәтижесі тек жақсылық болмақ.

Садық ӘЛИЕВ,

Жалағаш аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<