Дәрігер кімге қауын жеуге болмайтынын түсіндірді

788

0

Қауынның жұмсақ іш жүргізетін әсері бар екені анықталды, дейді диетолог. Сол себепті бұл өнімнен кімге бас тартқан дұрыс екенін диетолог Ольга Кораблева айтты, деп хабарлайды Stan.kz агенттігі РИА Новости-ге сілтеме жасап.

«Қауын – калориясы төмен болғанына қарамастан, қорытылуы қиын өнім: 100 грамм өнімге шамамен 35 килокалория. Қауынды аш қарынға немесе басқа тағаммен, соның ішінде жеміс-жидекпен жеуге болмайды – бұл газ немесе диарея тудыруы мүмкін», – деді Ольга Кораблева.

Дәрігердің айтуынша, ең жақсы нұсқа – тамақтанғаннан кейін бір сағат күту.
«Қауынның жұмсақ іш жүргізуші қасиеті болғандықтан, оны ішектің жұмысында қандай да бір төмен көрсеткіштер болған жағдайда тұтынудың қажеті жоқ: өнім бұл проблемаларды ушықтыруы мүмкін», – деп ескертті маман.

Диетологтың айтуынша, егер гастрит, жедел панкреатит (ұйқы безінің қабынуы), холецистит (өт қабының қабынуы), асқазан жарасы өршуі байқалса, онда қауыннан бойды аулақ салу қажет.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<