ДАРА ӨНЕРДІҢ ДАҢҚЫ ӨШПЕЙДІ

440

0

ДАРА ӨНЕРДІҢ ДАҢҚЫ ӨШПЕЙДІЖаңақорған ауданындағы жұмыс сапа­рында облыс әкімі Қ.Көшербаев Кеңес ауыл ындағы Т.Әбдірашев атын­дағы №239-орта мектепте болды.  ҚР халық артисі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лау­реаты, ҚР еңбек сіңірген қай­раткері,  дирижер Төлепберген Әбдіра­шевтің ту­ға­­нына 70 жыл толуына ар­налған «Қазақ мәдениетіндегі классикалық музыка және Төлепберген Әбдірашевтің мұ­ра­сы» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конфе­рен­цияға қатысып, сөз сөйледі.

– ХХ ғасырдың 70-ші жыл­дарында қазақтың классикалық музыка дәуірінің жаңа бір парағы ашылды десек болады. Ғажайып өнердің көрнекті өкілі болған жерлесімізге Қазақстан Республикасының Халық қа­һар­маны Нұрғиса Тілендиев, «Төлепберген – қазірдің өзінде әлемдік өнердің інжу-маржан тұлғасы» деп баға берген еді. Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қау­лысымен өзі оқыған №239 орта мектепке Төлепберген Әбдірашевтің есімі беріліп, қоғамдық негіздегі музейі ашылды. Болашақта мек­теп алдына оның ескерткіші қойылады. Одан бөлек, Сыр­дарияның сол жағалауында салынып жатқан жаңа қала­дағы көшелерінің біріне Т.Әбдірашевтің есімі берілмек, – деді аймақ басшысы. Сондай-ақ, облыс әкімі Сыр өңірінің алтын қазынасы – жыршылық өнерді жас ұрпаққа насихаттау, түркі халықтарының ұлттық фольклорлық-музыкалық өне­рін дәріптеу және өзара мәдени бай­ланысты нығайту мақсатында халық­аралық «Қорқыт және Ұлы Дала сазы» фольклорлық- музыкалық өнер фестивалі дәстүрлі  түрде өткізіліп келетінін, сондай-ақ, алдағы уақытта «Қазақ дәстүрлі өнер академиясын» ашу жоспарланып отырғанын атап өтті.

Конференцияда сөз алған Төлепберген Әбдірашевтің ұс­тазы, Қазақстан Республи­касына еңбегі сіңген қайраткері Меруерт Қаленбаева талантты өнер иесін ұрпақ алдында ұлағаттау бағы­тында туған өңірінде атқарылып жатқан жұмыстарға алғысын білдірді. Шарада Қазақстанның Халық артисі А.Қоразбаев  Т.Әбдірашевпен бірге өткен сту­денттік күндердің қызықты сәт­­терін еске түсірді. Сөзінің соңында  Т.Әбдірашев  1987- 2007 жылдар аралығында, яғни өмірінің соңына дейін көркемдік режиссері әрі бас дирижері қызметін атқарған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік ака­­демиялық симфониялық оркес­тріне  оның есімі берілсе деген ұсынысын жеткізді.

Айта кетейік, бүгінде дара өнер иесі­нің жолын талантты шәкірттері жал­ғастырып, қазақтың жауһар туын­дыларын әлемдік деңгейде насихаттауға қызмет етіп келеді.

  Ғазиза ӘБІЛДА,

   «Сыр бойы»,

 Жаңақорған-Шиелі 

аудандарынан.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<