Дауыл, найзағай, бұршақ: 18 маусымға арналған ауа райы

708

0

18 маусым күні атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты, еліміздің көп бөлігінде найзағай, қиыр солтүстікте қатты жаңбыр және бұршақ күтіледі. Тек ҚР батысы мен оңтүстік-батысында күн ашық болады. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстік-батыста және батыста шаңды дауыл, солтүстікте және оңтүстік-шығыстағы тауларда дауыл тұруы ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауыл, бұршақ күтіледі, түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.


Ақмола облысының кей жерлерінде дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал, түнде кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с жетеді.


Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде күндіз бұршақ, дауыл күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Жамбыл облысында күндіз таулы аудандарда бұршақ, дауыл күтіледі, кей жерлерде шаңды дауылмен жел 15-20 м/с күшейеді, екпіні 23 м/с.


Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Түркістан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.


Күндіз Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Павлодар, Қарағанды облыстарында, Алматы, Түркістан облыстарының кей жерлерінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде аптап ыстық болады.


Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе облыстарында, Жамбыл, Алматы, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарының жекелеген аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<