ДДСҰ COVID-19-ға қарсы вакцинация әлі басталмаған елдерді атады

627

0

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирусқа қарсы вакцинация әлі басталмаған елдерді атады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ДДСҰ сайтына сілтеме жасап.


Ұйымның мәліметінше, коронавирусқа қарсы вакцинация әлемнің үш елінде – Бурунди, Эритрея және Солтүстік Кореяда әлі басталмаған.


Сонымен қатар, ДДСҰ 56 ел қыркүйектің соңына дейін халқының 10 пайызына да вакцина сала алмағанын атап өтті, оның басым бөлігі Африкада. Себебі әлем елдерінің жартысына жуығында вакцинацияның шектеулі ұсыныстары, егу бағдарламасы бар, бірақ межеге жету үшін вакцина қоры жеткіліксіз.


Осы жағдайды ескеріп, ДДСҰ вакцинамен қамтамасыз ететін елдер мен компанияларға COVAX және AVATAR жеткізіліміне басымдық берді.

Бұған дейін ДДСҰ вакциналардың жетіспейтініне шағымданған, соның салдарынан кедей елдерге дәрі-дәрмек жеткізу тоқтатылды. ДДСҰ басшысы Тедрос Гебрейюс коронавирусқа қарсы вакцинаны таратудағы сәйкессіздік «жаһандық апатқа» алып келетінін айтып, күзде жаңа пандемияға дайындық бастауға шақырған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<