Демеушілер есебінен 230-дан астам сырдариялық оқушы жазғы лагерлерде демалады

423

0

Демеушілер есебінен 230-дан астам сырдариялық оқушы жазғы лагерлерде демалады Биыл Сырдария ауданында демеушілер есебінен 230-дан астам оқушы «Жалын» тынығу лагерінде және облыс көлеміндегі, облыстан тыс лагерлерде демалады деп жоспарлануда.
Тегін жолдамалар көпбалалы, ата-ана қамқорлығынсыз қалған және әлеуметтік аз қамтамасыз етілген отбасы мүшелерінен шыққан оқушыларға беріледі.
Бүгінде бұл іске жергілікті кәсіпкерлер мен шаруашылық төрағалары ерекше қолдау көрсетуде.
Жалпы, бірлігі бекем ауданда демеушілік есебінен ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатқаны белгілі. Бұл сырдариялықтардың берекелі іске бейім екенін білдіреді.
Жазғы маусымда 230-дан астам оқушының демеушілер есебінен жазғы лагерлерде демалуға мүмкіндік алуы ауданның ынтымағы ырысты екенінін дәлелі.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<